Дәрігер бес сағаттық ұйқының қаупін айтты

Дәрігер бес сағаттық ұйқының қаупін айтты
Фото: depositphotos.com

Күніне бес сағаттан аз ұйықтау есте сақтау қабілетін нашарлатады, сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, күйзелістің және семіздіктің дамуына ықпал етеді. Бұл туралы невропатолог Владимир Мартынов "РИА Новости" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, бұл - ағза үшін ең үлкен күйзеліс. Қысқа ұйқы салдарынан кортизол деңгейі жоғарылайды, метаболизм бұзылады және иммунитет төмендейді.

"Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті нашарлайды, реакция жылдамдығы, бір кезде адамның жұмыс істеу тиімділігі төмендейді", - деп түсіндірді ол.

Сарапшының пікірінше, ұйқы қанбаса, есесіне демалыс күні ұйықтап, орнын толықтыра алмаймыз.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ересектер мен балалар қанша сағат ұйықтағаны жөн екенін айтты.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл сауал адамның жасына байланысты екенін мәлімдеді:

  • жаңа туған нәрестелер (0-3 ай): 14-17 сағат;
  • сәбилер (4-12 ай): 12-16 сағат;
  • 1-2 жастағы балалар: 11-14 сағат;
  • 3-5 жастағы балалар: 10-13 сағат;
  • 6-12 жастағы балалар: 9-12 сағат;
  • 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: 8-10 сағат;
  • ересектер, яғни 18-64 жастағылар: 7-9 сағат;
  • 65 жастан асқан қарттар: 7-8 сағат.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget