- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер бауыр қатерлі...
Дәрігер бауыр қатерлі ісігінің бастапқы сатысында білінетін 3 белгісін атады
Бауыр қатерлі ісігі – ең қауіпті қатерлі ісіктің бірі, себебі одан тірі қалу көрсеткіші өте төмен. Оған қоса, оны әдетте соңғы стадияда анықтайды, ал бұл кезде адамға көмектесу өте қиын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.
Бұл ауру ұзақ уақыт ерекше белгілер білдірмеуі мүмкін, ал барлық өзгерісті адам басқа нәрсемен шатастырып алуы мүмкін.
"Адам бауыр қатерлі ісігімен көптеген жыл бойы ауырып, ол жайлы білмеуі мүмкін", - дейді дәрігер Дебора Ли.
Сондықтан бұл аурудың бір қарағанда еш зияны жоқ секілді көрінетін белгілері жайлы білу керек.
Мына белгілерге мән беру керек:
- Нашар хал-жағдай;
- Шаршаңқылық және әлсіздік, энергияның болмауы;
- Іштің оң жақ жоғары бөлігінің ауыруы.
Дәрігер бұл белгілер бастапқыда әлсіз білінуі мүмкін, бірақ қатерлі ісік өскен сайын олар да айқынырақ бола түсетінін айтты.
Қатерлі ісік жасушалары бауыр тіні арқылы өсіп кетеді, бұл бауыр жеткіліксіздігін тудырады, адамда сарғыштық пайда болуы мүмкін. Сол кезде бұл белгілерге тері мен көздің сарғаюы қосылады. Сарғаю сондай-ақ зәрдің қараюына әкелуі мүмкін.
Бауыр қатерлі ісігінің кең тараған басқа да белгілері:
- Себепсіз салмақ тастау, аз тамақ ішсеңіз де тойып қалу;
- Іштің оң жақ жоғары бөлігінен қатты бірдеңе сезу;
- Сол жақ қабырға астынан қатты бірдеңе сезу;
- Оң жақ иықтың ауыруы,
- Қандағы глюкоза деңгейінің төмен болуы;
- Ерлердің кеудесі үлкейіп кетуі мүмкін;
- Беттің қызаруы;
- Холестерин деңгейі артып кетуі мүмкін;