Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында бауырға пайдалы өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, бауыр мынадай маңызды қызметтерді атқарады:
Бауырдың жұмысын бұзып алсаңыз, өтке тас жиналу, артериалды гипертензия, түрлі аллергия, жатыр миомасы, эндометриоз, полиптер, варикоз, терінің түрлі проблемалары секілді жағымсыз салдарлар орын алады.
Невролог Ұлжалғас Сманова бауыр жұмысын жақсарту үшін рационға мына өнімдерді қосуға кеңес берді:
- Қырыққабат тұқымдастар (барлық қырыққабат түрлері, сельдерей, қызылша, кәді, асқабақ, пияз);
- Көк шөптер (салат жапырағы, аскөк, ақжелкен, руккола, жалбыз, базилик, жасымық);
- Майлар (зәйтүн майы, кокос майы, сүт ошаған майы, зығыр майы);
- Сусындар (шөп шайлар, көк шай, цикорий, бақбақ тамырынан қайнатпа);
- Күріш, бұршақ тұқымдастар;
- Ешкі сүтінен айран, йогурт, ірімшік;
- Дәмдеуіштер (куркума, шафран, сафлор, лавр жапырағы, фенхель дәні, тмин, кориандр).
Еске салайық, бұған дейін нутрициолог маман көп ауруға ем болатын пайдалы сорпаны қалай дайындау керегін айтты.