- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер асқазан жарасын...
Дәрігер асқазан жарасын тудыратын өнімдерді атады
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында асқазан жарасы пайда болмас үшін қандай тағамдардан бас тарту керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, біздің тәніміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын күрделі механизм.
Дәрігер Ұлжалғас Сманова мына өнімдер асқазан жарасын тудыратынын айтты:
- Ашқарынға кофе ішу;
- Ыстық тамақ пен салқын суды араластыру;
- Құрамында гютені көп және тәтті тағамдар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Асқазан жарасы - жиі кездесетін аурулардың бірі. Ол емделетін ауруға жатады, сондықтан оны уақытында анықтай білу маңызды. Көпшілік асқазан жарасының пайда болуын ащы тамақты көп жеумен байланыстырады. Алайда ащы тамақ асқазан жарасының белгілерін күшейтуі мүмкін, бірақ оның пайда болуына әсер етпейді. Ендеше, асқазан жарасы деген не? Ол неден пайда болады және одан қалай арылуға болады? Толығырақ мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова