Қаназдық (анемия) көп жағдайда байқалмайды. Дегенмен ағзадағы әлсіздік, бас айналу, терінің бозаруы сияқты белгілер гемоглобин деңгейі төмендегенінен хабар беруі мүмкін. Терапевт Зарема Тен анемияның жиі еленбейтін жеті негізгі белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі news.ru-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, анемия біртіндеп дамитындықтан, ағза оттегі жетіспеуіне бейімделіп үлгереді. Сол себепті көпшілік оның белгілерін шаршау немесе күйзеліс деп шатастырады.
Дәрігер анемияның негізгі белгілері ретінде:
Оның сөзінше, темір тапшылығы кезінде адамда бор, саз немесе мұз жеуге деген ерекше құмарлық пайда болуы мүмкін.
Маман бұл белгілердің бірнешеуі байқалған жағдайда өздігінен емделумен айналыспай, дәрігерге қаралуға кеңес берді. Оның айтуынша, анемия бір ғана ауру емес, ағзадағы басқа да мәселелердің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан жалпы қан талдауын тапсырып, ағзадағы темір қорын көрсететін ферритин деңгейін тексеру өте маңызды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!