Қаназдық (анемия) көп жағдайда байқалмай дамиды. Дегенмен ағзадағы әлсіздік, бас айналу, терінің бозаруы сияқты белгілер гемоглобин деңгейінің төмендегенінен хабар беруі мүмкін. Терапевт Зарема Тен анемияның жиі еленбей қалатын жеті негізгі белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «News.ru»-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, анемия біртіндеп дамитындықтан, ағза оттегінің жетіспеуіне бейімделіп үлгереді. Сол себепті оның белгілері көбіне шаршау немесе күйзеліспен шатастырылады.
Дәрігер анемияның негізгі белгілері ретінде:
- демалғаннан кейін де кетпейтін әлсіздік пен шаршауды;
- аз ғана қимылдан кейін ентігу мен жүрек қағысының жиілеуін;
- тері мен шырышты қабықтардың бозаруын;
- бас ауруы, бас айналу және зейіннің төмендеуін;
- шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы мен терінің құрғауын;
- дәм мен иіс сезудің өзгеруін;
- жиі суық тию мен аяқтың шаншуын атады.
Оның сөзінше, темір тапшылығы кезінде адамда бор, саз немесе мұз жеуге деген ерекше құмарлық пайда болуы мүмкін.
Маман аталған белгілердің бірнешеуі байқалған жағдайда өздігінен емделумен айналыспай, дәрігерге қаралуға кеңес береді. Оның айтуынша, анемия жеке ауру емес, ағзадағы басқа мәселелердің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан жалпы қан талдауын тапсырып, ағзадағы темір қорын көрсететін ферритин деңгейін тексеру маңызды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова