Дәрігер аллергияның ерекше белгісін атады

Әдетте аллергия түшкіру, көздің жасаурауы және мұрын бітелу секілді белгілермен білінеді. Алайда дәрігер  Анна Шуляева оның көпшілік ойламаған белгілері де кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аif.ru-ге сілтеме жасап.

Мысалы, аллергияның ерекше белгілерінің бірі - құлақ ішінің қышуы. Оның себебі есту органы құрылымына байланысты вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және тұрмыстық аллергендердің әсеріне ұшырайды. 

Көпшілік біле бермейді, бірақ аллергия кезінде асқорыту жүйесінде бұзылыстар байқалуы мүмкін. Мысалы, адам құсады. Оны ол уланумен шатастыруы мүмкін. Әдетте ол тағамдық аллергия белгісі болады. Мұндай реакция нақты өнімге немесе үйлесімге болуы мүмкін.

Күтпеген белгілердің қатарында инфекцияға қатысы жоқ, бірақ аллергиямен тығыз байланысты белгілер - дене температурасының көтерілуі, ұйқының нашарлауы және зейін қою проблемалары бар. Кейде температура кейбір дәрі-дәрмекке немесе жәндіктердің шағуына ағзаның аллергиялық реакциясы болуы мүмкін. Температура көтерілген кезде адам дәрігермен кеңесуі керек. Өйткені оның себебін өздігінен анықтау қиын.

"Егер сізді түсініксіз белгілер мазаласа, олардың өздігінен кеткенін күтудің қажеті жоқ. Дәрігерге көрініңіз. Алдымен терапевт немесе педиатрға барыңыз, содан соң ол қажет болса, сізді аллергологқа жібереді", - дейді Анна Шуляева.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!