Гериатр Джулия Годой 60-тан асқан ер адамдарға бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Saude em dia басылымына сілтеме жасап.
Годойдың айтуынша, ең алдымен жоспарлы тексерулерден өтіп тұру қажет. Ер адамдарға қуықасты безінің, жүректің және бүйректің жағдайын, сондай-ақ, гормондар мен қан құрамындағы қант деңгейін тексерту керек.
"Көп ауру жасырын болуы мүмкін, бірақ оларды ерте кезеңде анықтасақ, оңай әрі тиімді емдеуге болады", - деп түсіндірді ол.
Маманның екінші кеңесі - дұрыс тамақтану. Ағзаға қажет жемістер, көкөністер, майы аз ақуыз және дәнді дақылдарды рационға қосу керек. Сонымен қатар, дәрігер тұзды, майлы және ультраөңделген өнімдерді аз тұтынуға шақырды, өйткені олар жүрек-қантамыр жүйесіне және зат алмасуға кері әсерін тигізеді.
Үшінші кеңес - тұрақты физикалық белсенділік.
"Жүру, созылу жаттығулары және буындарға аз салмақ түсіретін жаттығулар бұлшықеттерді нығайтуға, тепе-теңдікті жақсартуға және тіпті когнитив денсаулыққа ықпал етеді. Үнемі қозғалу қан айналымын жақсартады, құлау қаупін азайтады және көңіл күйді көтереді", - деп атап өтті ол.
Дәрігер 60 жастан асқан ер адамдарға әлеуметтік өмірден алыстамау маңызды екенін қосты, өйткені оқшаулану психикаға кері әсер етуі мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!