- Негізгі бет
- LifeStyle
- Данияр Елеусінов бірінші...
Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты.
"Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де, күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны, солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Алайда басынан дұрыс таңдау жасау және күнә жасамау маңызды. Тәрбие көп нәрсеге әсер етеді. Кішкентай кезінен адамның талғамы болады. Айналаңдағы адамдар, ата-анаң саған мынадай қыз керек дейді. Сен соны шынымен менің таңдауым деп ойлайсың, бірақ сенің жеке талғамың басқа болуы мүмкін", - дейді Данияр Елеусінов.
Сонымен бірге боксшы төрт әйел алуға қатысты не ойлайтынын айтты.
"Қазір қиын заман ғой. Көбі жағдайың болса ал деп жатады. Бірақ бәйбішеңді сыйлау керек, оның да пікірін сұрау қажет. Дінімізде бұған тыйым жоқ", - деді боксшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова