Танымал актер, әнші Олжас Абай Дариға Бадықоваға арнап қызық жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айналайын Дариға қарындасым, туған күніңмен. Өзіңді құнттап ұста, әлі жұмыс көп. Сорты бөлек адамдар бекер сөйлеп, тілдеспейді. Дәл өзіңдей хәм ханша енді маған кездеспейді. Рухы жақын ғашықтар өтірік сыйлап, сіз деспейді. Бір-ақ рет ренжітсең, екінші рет жүздеспейді. Бар бол, бақытты болуды өзім түсіндіремін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 5 қазанда "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды. Ол Дариға Бадықовамен неге ажырасқанын, 16 жылдық отбасылық өмірі туралы айтты.
Кейінірек заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек актриса бұрынғы жұбайының үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz