Терапевт Иван Еременко чипстердің денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін екенін ескертті. Дәрігер бұл туралы РИА Новости басылымына берген пікірінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еременконың айтуынша, бір қаптама чипсте тұз бен қаныққан май көп болуы мүмкін. Мұндай өнімді жиі тұтыну қан қысымының көтерілуіне, артық салмақ қосуға және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруға әкелуі ықтимал.
Дәрігер картоп чипстеріне қарағанда пайдалырақ саналып жүрген жүгері немесе көкөніс чипстерін де шектен тыс жеуге болмайтынын атап өтті.
"Кейбір өндірушілер пеште пісірілген немесе тұзы азайтылған чипсы шығарады. Бірақ мұндай өнімдердің өзі көкөніс, тұтас дәнді дақылдар немесе дұрыс тамақтанудың басқа да пайдалы құрамдас бөліктерін алмастыра алмайды", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, чипстің кез келген түрін күнделікті емес, анда-санда ғана жеген дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!