- Негізгі бет
- LifeStyle
- Чили бұрышының адам...
Чили бұрышының адам ағзасына күтпеген пайдасы аталды
Чили бұрышы өмірді ұзартып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктен қорғайды. Бұл туралы Кливленд клиникасының (АҚШ) кардиологтары мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар ащы чили бұрышын тұтыну мен өлім арасындағы байланысы тақырыбы аясында АҚШ, Италия, Қытай және Иранның жалпы саны 570 мыңнан астам тұрғындарына төрт ауқымды зерттеу жүргізіп, нәтижесінде алынған деректерді талдады.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, чили бұрышын кейде жейтіндер және мүлде тұтынбайтындармен салыстырғанда, бұрышты жиі тұтынатындарда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупі 26 пайызға, қатерлі ісіктен болатын өлім қаупі 23 пайызға және кез келген басқа себеппен мезгілсіз өлім қаупі төмендейді 25 пайызға төмендейді.
Ал алдыңғы зерттеулер оның қабынуға қарсы, антиоксидантты, қатерлі ісікке қарсы әсері, сондай-ақ қандағы глюкоза деңгейін бірқалыпта ұстайтын қабілеті бар екенін көрсеткен. Дегенмен, жаңа зерттеудің авторлары капсикумды тұтыну мен оның адам денсаулығына пайдасы арасындағы байланыстың нақты биологиялық себебі мен механизмдері әлі анық емес екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін оларды күн сайын жеу керек: сарапшылар ең пайдалы 5 дәмдеуішті атаған болатын.
- Куркума;
- Даршын;
- Зімбір;
- Сарымсақ;
- Чили бұрышы.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Шақан-шері» романының сюжеттік құрылысына талдау жасаңдар
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә