Тері проблемалары бірқатар жағымсыздықтар сыйлайды. Алайда көпшілік оны жоюға тырысады да, олардың не үшін пайда болғанын анықтамайды. Біздің ағзамыздағы қандай ішкі проблемалар тері кемшіліктеріне әкелуі мүмкін?
Асқазан-ішек жолы мен безеу
Қазіргі заман ырғағында дұрыс тамақтану қиынға соғуы мүмкін. Қазір гастрит, асқазан жарасы және ішектер проблемалары бар адамдар жиі кездеседі. Мұндай асқазан-ішек жолы аурулары, әсіресе, гастрит асқазан шырыштысын зақымдап қана қоймай, өзі жайлы тері арқылы белгі береді. Бұл жағдайда бетіңізде, арқаңызда және иықтарыңызда безеу шығып кетуі мүмкін. Мұндай безеу ұстағанда ауырады және кейде беттері күлбіреп кетуі мүмкін.
Ұйқысыздық пен тері тонусының жоғалуы
Әдетте, терінің болбырлығы – тұқымқуалаушылық фактор. Бірақ әркез емес. Егер түнде өте жай ұйықтау әдетіңізге айналса немесе режиміңіз түбегейлі бұзылған болса, сіз теріңіздің тонусы жоғалғанын байқайсыз. Бірінші кезекте бетіңіз салбырайды. Сондай-ақ көзіңіздің асты қарайып кетуі мүмкін.
Эндокринді бұызылыстар мен ісіну
Ісіну бастапқыда сізді мазаламауы мүмкін, алайда уақыт өте аяғыңыздағы ауырлық, ісіп тұратын саусақтар мен қабақ ыңғайсыздық сыйлай бастайды. Бұл жиі қалқанша без гормондарының бөлінуінде жаңылыс бар екенін білдіреді. Бұл кезде ісінуді қарапайым құралдармен кетіру қиынға соғады. Ісінуді жасырудың орнына уақытында дәрігерге қаралған жөн.
Дәрумен жетіспеушілігі мен тері құрғақтығы
Ағзаға дәрумендер жетіспеушілігі әртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ алғашқылары болып әдетте адамның шашы, терісі, тырнағы қиналады. Мысалы, мұндай жағдайда тері құрғап, қабыршақтанып кетеді. Егер тері құрғақтығымен креміңіз күресе алмаса, анализдер тапсырып, оның себебін анықтаған жөн.
Психосоматика: бетіңіздегі безеу қандай уайымыңыз бар екенінен хабар береді