- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Біздің ауылдың келіндері...
"Біздің ауылдың келіндері көрмесін". Келініне 21 миллионның көлігін сыйлаған ата-ене жұртты тәнті етті
Әлеуметтік желіде келініне көлік сыйлаған отбасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода бұл сыйлық тосынсый болғаны көрінеді.
"Дүниеге сәби әкелген анаға шапан жабады деген. Эльмира қызымызға жанұямыздың атымыздан, бүкіл туысымыздың атынан сондай шапан жапқымыз келіп жатыр. Бәріміз бір кісідей далаға шығайықшы", - дейді видеода енесі.
@k.narimann Осындай Ене бұйырсын?? #атырау06?? ♬ оригинальный звук - k.narimann
Желі қолданушылары керемет көрініске таңданғанын жасырмапты. Арасында әзілдеп пікір білдіргендер де табылды.
"Құдай-ай, не деген керемет", "Менің төрт көлігім қайда?", "Біздің ауылдың келіндері көрмесін", "Өте тамаша, керемет, құтты болсын темір тұлпар. Тек жақсылыққа, қуанышқа мінуге Аллам нәсіп етсін", "Мұндай болса жыл сайын туасың ғой", "Үйленбеген баласы жоқ па екен?" - дейді олар.
Кадрларда бұл көлік HiPhi Y екені байқалады. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, шамамен құны 21 миллион теңге тұрады.
@k.narimann Бірінші рет көріп тұрмын мен ал
♬ оригинальный звук - k.narimann
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова