“Біз сені қатты күтудеміз“. Мейрамбек Беспаев тағы да әке атанады

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында тағы бір мәрте әке атанады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.

Еске салайық, жақында Мейрамбек Беспаев денсаулығына байланысты Түркияға емделуге барып келген болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!