2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, жалпы некелесу коэффициенті - 1000 адамға шаққанда 5,69, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлер бойынша
- Астанада некелесу көрсеткіші - 1000 адамға шаққанда 6,75.
- Қарағанды (6,32) және Шығыс Қазақстан (6,27) облыстарында да көп тіркелген.
- Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында: 5,06.
Қалалық жерлерде 78,9 мың неке тіркелсе (68,1%), ауылдық жерлерде 37 мың (31,9%) неке тіркелген.
Жас ерекшелігі бойынша
Алғаш рет отбасын құрғандардың орташа жасы - ерлер арасында 27,9 жас, әйелдер арасында 25,3 жас. Ажырасқаннан кейін қайта неке тұрғандардың үлесі - ерлер арасында 22%, әйелдер арасында 21%.
Мезгіл бойынша
2025 жылы некенің басым бөлігі жазда тіркелген:
- Маусымда 11 848 неке;
- Шілдеде 12 955 неке;
- Тамызда 12 418 неке.
Ұлты бойынша
Былтыр отау құрғандардың 80,4%-ында моноэтностық неке болса, 19,6%-ында ұлтаралық неке.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова