- Негізгі бет
- LifeStyle
- Бүйректеріңізге көмек керек...
Бүйректеріңізге көмек керек екенін білдіретін белгілер
Әдетте адам бір жері ауыра бастаса денсаулықта кінәрат бар екенін түсініп, қаралуға барады. Алайда бүйректерге келгенде бұл тактика қауіпті. Нефролог Дарья Садовская бүйректің ауыратынын қалай білуге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерлер бүйректерге қатысты кінәрат болса да ол ауырмайтынын айтады. Ендеше, бүйрекке көмек керек екенін қалай білуге болады?
Дарья Садовскаяның айтуынша, адамдар жылдар бойы мән бермейтін белгілер бар. Олар өмір сүруіңізге кедергі келтірмейді, бірақ оларды байқаған бойда дәрігерге барып, тексерілу керек.
Маман бүйректер жұмысындағы бұзылысты білдіретін ағзаның бес белгісін атады. Алайда олардың кейбіреулері оған қатысы жоқ болуы да мүмкін.
1. Ісіну
Бүйрек ауырғанда дененің әртүрлі бөлігі ісінуі мүмкін, бірақ жиі бет, соның ішінде қабақ ісінеді. Себебі бұл жерлерде тері өте жіңішке. Олар көріну деңгейі бойынша да әртүрлі болады. Аса білінбейтін - аяқта шұлықтың резеңкесінен қалатын із. Қатты білінетін - жүруге кедергі келтіретін ісіну.
2. Асқазан-ішек жолы бұзылысы
Бүйректер жұмысы нашарлай бастағанда ағзада табиғи жолмен уытты заттар жинала бастайды. Нәтижесінде, ол тәбеттің жоғалуына, жүрек айнуға, құсуға және басқа да ас қорыту бұзылыстарына әкеледі. Сондай-ақ тері қышуы мүмкін.
3. Қысымның көтерілуі
Жоғары қан қысымы бұл әркез гипертония мен қан тамырлар жайлы айтпайды. Ол сондай-ақ бүйрек ауруының белгісі болуы мүмкін.
4. Анемия
Бүйрек қантүзу жүйесінің жұмысына тікелей қатысады. Бүйректе қандағы гемоглобиннің қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін гормон - эритропоэтин түзіледі.
Бүйректегі эритропоэтин синтезінің төмендеуі, егер олардың жұмысы бұзылса, анемияға әкеледі:
- әлсіздік;
- тез шаршау;
- терінің бозаруы;
- шаштың түсуі;
- тырнақтың сынғыш болуы.
5. Несеп шығару проблемалары
Кіші дәретке барғанда зәрдің түсі мен консистенциясына мән беру керек. Егер одан көбік, қан, ірің және басқа да қоспалар байқасаңыз, дәрігерге қаралып, анализдер тапсыру керек. Зәр мөлшерінің азаюы мен дәретханаға сирек бару да бүйректер проблемасын білдіруі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Адамның сырт келбетіндегі жүрек ауруын көрсететін 8 белгі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова