Несеп-тас ауруларына әйелдерге қарағанда ерлер жиі шалдығады. Бұл патологияның пайда болуына зиянды әдеттер, өмір салты, тұқымқуалаушылық және дұрыс тамақтанбау себеп болады. Сондай-ақ адам бүйрегінде тас бар екенін біразға дейін білмеуі де мүмкін. Алайда тастар қозғала бастаған кезде дәріге де кетпейтін қатты ауырсыну пайда болады. Бүйректе тастар түзілмес үшін әдеттеріңізді, соның ішінде тағамдық әдеттерді бақылау керек. Бүйректе тастар түзілмес үшін қандай тағамдардан аулақ болу керек?
Эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша, бүйректе жиі оксалат тастар түзіледі. Алайда фосфат және несеп қышқылы негізіндегі тастар да кездеседі.
"Оксалат тастар түзілуі үшін несеп қышқылданған болуы керек. Мұны несеп қышқылы қамтамасыз ете алады. Адам суды қаншалықты аз ішсе, несеп соншалықты қышқыл бола түседі, сәйкесінше, тастар түзілу қаупі артады", - деп түсіндірді дәрігер.
Сол үшін таза су ішу маңызды, міндетті түрде оны әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ бүйрек үшін қауіпті өнімдерден алшақ болыңыз.
Бұл тізімге мыналар кіреді:
Ескерту: жемістер, субөнімдер және шоколадтан бас тартудың қажеті жоқ. Олардың пайдасы бар, бастысы – оларды көп жемеу. Денсаулықты сақтау үшін рацион әртүрлі болуы керек: ода қаншалықты әртүрлі өнімдер болса, соншалықты жақсы.
Бүйректе тас пайда болғанын қалай білуге болады?
Алғашқы және негізгі белгі – іштің қатты ауыруы. Адам отыра да, жата да, тіпті, тұра да алмайды. Оның басқа да белгілері бар:
Егер осы белгілерді байқасаңыз, бұл терапевтке немесе урологқа көрінуге себеп. Дәрігер бұл белгілердің нақты себебін анықтау үшін сізді УДЗ түсуге жіберуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: "Ауыздан жағымсыз иіс шығу". Бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білеміз?