- Негізгі бет
- LifeStyle
- Бүйрек қатерлі ісігінің...
Бүйрек қатерлі ісігінің 6 белгісі
Онкологиялық аурулардың басқа түрлері секілді бүйрек қатерлі ісігі де өзі жайлы ұзаққа дейін білдірмеуі мүмкін. Күмәнді белгілердің біреуі болсын байқалса, бұл жедел дәрігерге қаралуға және тексерістерден өтуге себеп. Ол қандай белгілер?
Бүйрек қатерлі ісігі жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің ондығына кіреді. Онымен әйелдерге қарағанда ерлер жиі ауырады. Өкінішке қарай, ауруды уақытында анықтау қиын. Себебі көп жағдайда ол еш белгісіз дамиды. Оның алғашқы белгілерінің өзі аурудың соңғы кезеңдерінде байқалуы мүмкін. Сол үшін де хал-жағдайыңызда күмәнді өзгерістер болса, дәрігерге қаралған дұрыс. Әсіресе, қауіп тобына жататын адамдар мұқият болуы керек.
Қауіп тобына кімдер жатады?
Мына адамдарда бүйрек қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары:
- Шамамен 60 жастағы адамдар;
- Артық салмағы бар адамдар;
- Қан қысымы жоғары адамдар;
- Темекі тартатын адамдар;
- Ауырсынуды басатын препараттарды жиі және ұзақ қабылдаған науқастар;
Бүйрек қатерлі ісігінің мүмкін белгілері:
- Қатты шаршаңқылық;
- Түсініксіз салмақ тастау;
- Қалтырау;
- Зәрде қанның болуы;
- Белдің ауыруы;
- Іштегі көлемді түзіліс.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?
А. Жапатова