Халық арасында буынсыз адам атанып, танымал болған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай өмірден озды. Бұл жайлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері", – деп жазды Рахман Омар.
Айдос Тоқтарбай жайлы не белгілі?
Айдос Тоқтарбай көпшілікке "буынсыз адам" немесе "пластилин" деген атпен танылды. Ол Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Алматыдағы эстрада және цирк колледжінде оқыған, бірақ аяқтамаған. Цирк өнерінің акробатика, гимнастика жанрларында өнер көрсетті.
Айдос Тоқтарбай пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып кетіп, таңғаларлық трюктер жасайтын.
Кейінгі жылдары алған жарақатына байланысты өнер көрсетуін тоқтатқан болатын.
Еске салайық, бұған дейін цирк әртісі Massaget.kz тілшісіне сұхбат беріп, немен айналысып жүргенін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!