Танымал түрік актері Бурак Озчивит Алматыға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 29 қыркүйекте Instagram-дағы сторисінде Алматыға ұшып бара жатқанын көрсететін фото жариялады.
Кейінірек актер #Kazakhstan #almaty деген хэштегпен бірнеше фото жүктеді. Онда әл-Фараби даңғылын көруге болады.
Артынша ол Шымбұлаққа барған. Онда да бүркітпен түскен және қазақтармен бірге жүрген бірнеше фотосын жүктеді.
Актердың кейінгі екі жазбасынан қазақстандықтардың пікірін көптеп көруге болады.
Отандастарымыз "Осы бүркіттің арманы жоқ шығар", "Бүркіт болғым келіп тұр", "Бүркіттің орнында болғыларың келіп кетті ма?", "Ет асып, үйге қонаққа шақырайық", "Қазақстанымызға қош келдің, Бөке", "Кемал Нихан қайда", "Ет асып қоям, бешбармақтан ауыз тиіп кетіңіз" деп әзілдеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!