Көпшілік адам бургер мен фри картоптарын арасында емес, жүйелі түрде жейді. Мұндай тағам қымбат тұрмайды, жылдам қарынды тойдырады және тартымды түрімен қызықтырады. Бірақ фастфудты түскі немесе кешкі асқа жегеннен кейін ішегіңізде не болады? Гастроэнтеролог Рүстем Садықов жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Бургерде және қуырылған картопта жылдам қорытылатын майлар мен көмірсулар көп, бірақ олар асқазан-ішек жолына көп күш түсіреді. Майлардың көп болуы ас қорыту процесін баяулатуы мүмкін.
Ішектегі бактериялар біз не жесек, сонымен қоректенеді. Майлы тұздығы мен котлеті бар бургерлер олар үшін пайдалы емес. Соның салдарынан ішек микробиоманың тепе-теңдігі бұзылады, зиянды бактериялар көбейіп кетеді де, пайдалы бактериялардың саны азаяды. Бұл ас қорыту проблемасына және тіпті қабынуға әкелуі мүмкін.
Гликемиялық индексі жоғары майлы калориялы тағам (мысалы, фри картоптарының гликемиялық индексі – 97-ден 100-ге дейін) қант деңгейін арттырады, инсулинді бірден көтереді. Бұл ұйқы безіне қосымша күш түсіреді және инсулинге төзімділіктің дамуына ықпал етеді.
Май мен тұздың көп болуы іштің кебуін, газ түзілуді және іш қатуды шақыруы мүмкін. Фастфудтағы ащы дәмдеуіштер асқазан мен ішектің шырышты қабықшасын тітіркендіруі мүмкін.
"Майлы, калориялы тамақ жесеңіз, су көп ішіңіз, ол ас қорытуды жақсартып, іш қату қаупін азайтады, – деп кеңес берді гастроэнтеролог.
Фастфудтың зиянын азайтуға жасұнық та көмектеседі. Мысалы, жемістер мен көкөністер.
"Порцияға мән беріңіз. Фастфудты көп жемеңіз. Оның орнына пайдалы балама таңдаған дұрыс. Сүйікті тағамыңызға май мен тұзды аз қосып, үйден дайындап көруге тырысыңыз", – деп кеңес берді дәрігер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!