Желіде қазақ қызының қалыңмалына 10 миллион теңге берген арабтың видеосы жұртты шулатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны белгілі журналист Гүлмира Абықай Instagram-парақшасына жүктеді. Кадрлардан арабша киінген ер адамның қалыңдықтың анасына хатқалта бергені көрінеді. Хатқалтаның сыртында "10 миллион теңге" деп жазылған. Кейіннен қыздың анасы оларға басын иіп, алғысын білдіреді.
"Сізге қанша қалыңмал әкеліп еді?" - деп жазған Гүлмира Абықай.
Ал Желі қолданушылары қазақ қызының өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанына ашуланып, түрлі пікір қалдырған.
"Арабтың алдында мәз болған қазақ де. "Бұларға ақша болса болды" дейтін шығар арабтар. Оларға 10 миллион түк емес қой. Тек қыздың ертеңі не болады, соны ойлау керек?", "100 миллион берсе де, қызымды бермес едім. Сосын өлігін таппай қаласың. 10 миллион үшін басымды да имес едім. Құрсын, көз алдыңда жүргенге не жетсін, сонау ел аспай", "Анасы не мәз болып тұр?", "Ойбу, байғұс-ай, ақша көрмегендей", "Қызын беріп отыр, неге басын иеді?", "Мен намыссыздықтан басқа дым көріп тұрған жоқпын!", "Құрсын, анасы қызын сатқанына мәз ғой, сабырмен алуға болады ғой", "10 миллион үшін анасы иіліп сәлем беріп кетті-ау", - деп жазған олар.
Сонымен қатар, видеоға қатысты теріс пікір қалдырып жатқан адамдарға қалыңдықтың өзі жауап берген.
"Айналайын, өсекші қазағым. Бұл видеоның түсірілгеніне 2 жылдас асты. Аллаға шүкір, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Ата-анам туралы жаман жазудың, қарғаудың қажеті жоқ. Өздерің де бала-шаға өсіріп отырсыңдар, қарғыстарың өздеріңе айналып келеді, ауыз менікі деп көп оттай бермеңдер. Осындай пікір қалдыратын қазақтар тұрғанда, жау да керек емес екен", - деп жауап қайтарған видеодағы қалыңдық.
Тағы да оқи отырыңыздар: Маса шаққан жер ісіп кетпеуі үшін не істеуге болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!