Кейбір тағамдар мен сусындар тек инфекцияны күшейтіп, денені әлсіретеді. Бала кезімізден бізді күзде және қыста жылырақ киінуге және ЖРВИ-мен мүмкіндігінше сирек ауыру үшін иммунитетті нығайтуға үйретеді. Дегенмен, біз инфекцияны жұқтыру қаупін арттыратын және оның белгілерін күшейтетін тағамдарды үнемі жейтінімізді біле бермейміз. Біз сізге бұл өнімдердің не екенін және олардың қаупі қандай екенін айтамыз.
Бұған қатысты невролог, анти-эйдж дәрігері Сманова Ұлжалғас былай дейді:
Әрине, қыс мезгілі – көпшілік үшін иммундық жүйе әлсірейтін ауыр кез. Біз бала кезімізден бұл уақытта жаздай дайындаған банкаларды жеп шығамыз. Бірақ консервіленген өнімнің зияны көп. Дұрысында үнемі балғын тағам жеуге тырысу керек. Әр өнімді өз маусымында жеген дұрыс. Мезгілдік тағамтануды құптаймын.
Күз табиғат заңымен қыстың алдында болады. Барлық жеміс-жидек пісіп тұрған шақта, ағза солардан нәр алып, қысқа иммундық жүйені күшейтеді. Осы мезгілді қалт жібермей керек. Оның үстіне бұлар жазғы өнемдерге қарағанда әлдеқайда құнарлы.
Қазақ қашан да ет жеген. Біздің ағзамыз оны генетикалық тұрғыда қажет етеді. Брокколи мен өзге де өнімдерді жиі айтқанымызбен, ет пен сары, ерітілген майларға жетері жоқ. Тек сүрлегенде тұзы аз болғаны жөн. Дұрысында балғын күйінде тұтыныңыз.
Ал мен қарсы боп отқан банкаларға келетін болсақ, тамақты әбден майға қуырып, ал жидекті қантпен қайнатып жабамыз. Оның пайдасы жоқ. Тіпті канцерогендер жоғары деңгейде бөлінеді. Ол айлар, жылдар бойы тұрған сайын зиян бола түседі. Бұл қауіпті дерттерге алып келеді.
Ал, тосаптарға келетін болсақ, оның құрамында қанттың көп болуы, инсулинге сезімталдықты төмендетеді. Ағзада гликемиялық индекс жоғарылап, яғни, жасушалардың бір біріне жабысып қалуы орын алып, зат алмасудың нашарлауы, клетка бөлінуі төмендеп, токсиндерден тазару дұрыс жүрмейді. Бұл тез қартаю, әжім түсу, терідегі дақтар, бөрпелер секілді клиникалық көріністерге алып келеді.
Қант
Тым көп қант жеу - ауырудың сенімді жолы. 2017 жылы Frontiers in Immunology журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, қанттың рационда көп болуы иммундық жүйені әлсіретеді. Бұл ағзаның инфекциялармен күресуге күші жетпейтінін білдіреді.
Алкоголь
Кейбіреулер бір стақан глинтвейн шарап немесе өзге де алкоголь суыққа қарсы тиімді құрал деп санайды. Шындығында, зерттеулер алкоголь тек қабынуды күшейтетінін және сонымен қатар суықпен күресу үшін қажет ақ қан жасушаларын бәсеңдететінін көрсетеді. Сонымен қатар, ылғалды азайтады, ал ағзадағы сұйықтық инфекцияны жеңу үшін өте қажет. Сондықтан, егер сіз ауырып жатсаңыз, ыстық шөп шайын көбірек ішкен дұрыс.
Кофеинді сусындар
Кофе, жасыл және қара шай және басқа кофеині бар сусындар да ағзаны құрғатады. Сондықтан суық кезеңде кофеинсіз аналогтарға ауысқан дұрыс.
Ащы тамақ
2016 жылы Critical Reviews in Food Science and Nutrition журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ащы тағамдарда кездесетін капсаицин қосылысы қақырық түзілуіне себеп болады. Бұл жөтелді қысқа мерзімге жеңілдетуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада ол қабынуды күшейтіп, қалпына келтіруді кешіктіреді.
Сүт
Бала кезімізде ата-анамыз суық тигенде сүт пен бал беретін. Алайда, зерттеулер бұл қателік екенін көрсетті. Сүт және сүт өнімдері қақырықты қоюлатып, одан құтылуды қиындатады. Нәтижесінде шырыш денеде қалады, тек қабынуды күшейтеді.