- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бұл - орынсыз...
"Бұл - орынсыз сұрақ". Нұртас Айдарбеков кіші ұлының тойында Жұлдыз Әбдукәрімова неге келмегенін түсіндірді
Әнші Нұртас Тұрғанбековтің әулетінде жақында үлкен той болып, үшінші келін алды. Тойда үлкен келінің неге бой көрсетпегені және жаңа келініне қанша қалың мал бергені туралы Нұртас Айдарбеков "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл сұрақты Жұлдыздың өзіне қою керегін айтты.
"Бұл өзі орынсыздау сұрақ. Біздің Жұлдыз да, Қайрат та 35-ке келді. Олар кәмелет жасқа толған балалар ғой. Сондықтан, бұл сұрақты өздеріне қою керек", - деді әнші.
Сондай-ақ, жаңа келініне қанша қалың мал бергенін атап өтті.
"Жаңа құдаларымыз өте жақсы адамдар екен. Өзіміз сияқты базарда жүріп көтерілген. Қалың малға 10 мың доллар бердік", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы