Әнші Ерке Есмахан Италияның Милан қаласындағы демалысынан фотолар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Миландағы әйгілі La Scala театрында "Щелкунчик" қойылымын тамашалаған.
Әнші бірнеше күн бұрын күйеуімен және балаларымен демалысқа аттанған еді.
"Қолыңа Сartier,
Құлағыңа Сhopard.
Ішіңе бөпе,
Тағы Еуропа,
Күтеді алда!
Бұл күндер де қалады артта - деген ән күйеуімнің аффирмациясы.
Сәлем, Италия!
Милан.
Театр La Scala.
Ложа /14.
Щелкунчик", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін әнші өзінің тағы да жүкті екенін айтып, отбасымен бірге түскен фотосуреттерін жариялаған еді.
"Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. "Ерке Сотуар-дың" тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін", - деп жазды әнші сол кезде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!