- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Бұл қазақ халқының...
“Бұл қазақ халқының комплексі“. Айгүл Иманбаева ажырасу туралы ойын айтты
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева қазақ қоғамы ажырасуды әлі де болса дұрыс қабылдай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен тыныш ажырасып, әлі де болса жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.
"Мен Сәбитті туған күнімен құттықтап, Динара екеуінің үйіне бардым. Бұл нәрсе қазақтың миына сыймайды. Қазақтың миында ажырассаң, өлгенше жауласып, бір-біріңді қарғап-сілеп, көрген жерде бетіне түкіріп кетуің керек. Бұл - қазақтың миындағы өлшем, стереотип, комплекс. Бұл дұрыс емес нәрсе ғой. Оның соңында балаң қасірет шегеді, кесірің соған тиеді. Ол чип сияқты, бір адам оны суырып алып тастау керек. Мұны Сәбит екеуміз жасай алдық деп ойлаймын, - деді ол.
Динара Сәтжан "Сәбит екеуіңіз бе, әлде Айгүл жасады ма?", – деп анықтап сұрады.
Айгүл Иманбаеваның күйеуі Сәбит Әбдіхалықов та Динара Сәтжанға сұхбат беруге Айгүл Иманбаевамен бірге келген болатын. Ол "Айгүлмен үйленген сәттерім тіпті есімде жоқ", - деп әңгімені әзілге айналдырды.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева жақында екінші рет тұрмысқа шыққанын жариялаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева