Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова мен әнші, актер Олжас Абай әлеуметтік желіде оқырмандарын тағы да ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылары "өнер иелері шаңырақ көтерген болуы мүмкін" деп болжаған. Бұған кейінгі күндері олардың парақшаларында жарияланған сурет-видеолар себеп болған.
"Олар үйленді ме? Бақытты болсын", "Нағыз махаббат ешқашан ұят емес! Бақытты болыңыздар!" - деді желі қолданушылары.
Оларды өнердегі әріптестері де құттықтаған: "Очабай, келіп жеткен жаңа жасың құтты болсын! Құрған шаңырағың құтты, берекелі болсын. Баянды бақыт тіледім".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл жолы кино емес", - деп жазды Олжас Абайдың өзі.
Ал актриса Дариға Бадықова тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайтынын айтқан.
"Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz