Мәскеуде вандал жақында қайтыс болған КВН жүргізушісі Александр Масляковтың қабірін қиратып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 22 қыркүйекте Новодевичье зиратында болған. Бұл ақпаратты turkystan.kz сайты таратты. Ер адам кресті жұлып алып, суреттерді жылжытып, гүлдерді шашып тастаған. Вандал самокатпен қашып кетпек болғанда күзетшілер ұстап алып, полиция шақырған. Полиция келгенше оны зират аумағынан шығарған. Құқық бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Құқық қорғау органдары ұсталған адамның жеке деректерін анықтады. 19 жастағы мәскеулік Кирилл К. құқықбұзушылық кезінде тыйым салынған заттар қолданғаны белгілі болды.
Қабірді қиратпас бұрын вандал тележүргізушінің "ол жерде жатуға лайық емес" екенін айтқан.
Марқұмның отбасы мен зират әкімшілігі полицияға арыз жазды. Енді құқық бұзған жігітке үш айға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!