Танымал тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында Қызылорда төрінде болған екі ағайынды бауырдың үйлену тойынан суреттерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист туған бауырлардың бір күнде үйленгенін жазған.
"Қызылорданың тойы.
Бір туған бауырлар бір күнде үйленіп, бір әулетке екі келін түсті.
Той құтты болсын!
Баршамызға жұғысты болсын!" - деп жазған ол.
Екі жұптың үйлену тойы бір күнде болғанын естіген Желі қолданушылары мұны жаман ырымға балап, түрлі пікір қалдырған.
"Керек емес, әркімнің тойы бөлек болғаны дұрыс. Бұл жаман ырым", "Мен де Алла қаласа екі ұлымды осылай үйлендіргім келеді. Алла соған жеткізсе", "Біреуі есіктен, біреуі терезеден кіру керек", "Осы ырым сырымдарыңды қойыңдаршы. Жәй ғана жастарға бақыт тілейік", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мүшел жасты тойлауға бола ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз