Кардиолог Иван Ефремкин lenta.ru-ға берген сұхбатында қандай белгілер қауіпті жүрек ауруын көрсетуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Иван Ефремкиннің пікірінше, ұйқысыздық жүрек-қан тамырлары ауруларын көрсетуі мүмкін.
"Ми жеткілікті демалмаса, симпатикалық белсенділік артады: қан қысымы көтеріледі, физикалық және психологиялық күйзеліске төзімділік төмендейді", - деп түсіндірді дәрігер.
Сондай-ақ, маман жүрек ауруы кезінде бас айналуы, әлсіздік байқалуы, адам естен тануы, зейін төмендеуі, есте сақтау қабілеті нашарлауы мүмкін екенін айтты. Бұл белгілер жүрек миға жеткілікті деңгейде қан айдамауынан туындайды.
Сонымен қатар, жүрек ауруы кезінде аяқ-қол ісініп, тәбет пен ас қорыту проблемалары туындауы да мүмкін.
"Тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуының басты себебі - асқазанға дұрыс қан жетпеуі. Бұл адам тез тойып, асқазанда ауырлық пайда болуына, тамақтан бас тартуға әкеп соғады", - деп ескертті дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін де жүрек ауруының белгілері айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!