Бұл 4 тағамды аш қарынға мүлде жеуге болмайды

Таңғы астың ағзаға тигізер пайдасы туралы бәрі біледі. Ол майларды, ақуыздарды, көмірсуларды, сондай-ақ талшықтарды біріктіруі керек. Сонда ғана аш қарынға жеген бірінші тағамды пайдалы деп санауға болады. Өйткені ол қуат береді және күні бойы дұрыс көңіл-күй сыйлайды. Дегенмен, Focus.de сарапшылары кейбір пайдалы деп саналатын тағамдарды аш қарынға тұтынуға болмайтынын, оның соңы ас қорытудың бұзылуына алып келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.  

Шикі көкөністер
Иә, өңделмеген көкөністер қайнатылған немесе қуырылған көкөністерге қарағанда пайдалы. Оларда көптеген дәрумендер, минералдар мен талшықтар бар. Бірақ Doctorpiter ғалымдары оларды таңғы асқа жеуге болматынын айтты. Сіздің асқазаныңыз бұзылады. Өйткені шикі көкөністерді сіңіру және қорыту үшін оған көп күш қажет болады. Нәтижесінде, аш қарынға қызанақ немесе қияр жеп жұмысқа келген кезде іштің кебуі мен метеоризмге тап боласыз.  

Йогурт
Бұл қоймалжың тағам таңғы ас ретінде өте зиян. Иогуртта көптеген пайдалы сүт қышқылы бактериялары бар екені шындық. Мәселе мынада, олар аш қарынға өте нашар сіңеді. Ал агрессивті асқазан қышқылы сіздің ішегіңізге жетпес бұрын пайдалы нәрсенің бәрін өлтіреді. Сондықтан тоңазытқыштан йогурт алмас бұрын бірнеше жаңғақ немесе бір қасық сұлы майын алдын ала жеген жөн. 

Банан
Бұл жемістер В6 дәрумені мен марганецтің керемет көзі болып табылады және жүрекке көмектеседі. Сондай-ақ денеден артық тұзды кетіреді. Банандар денені маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етеді, бірақ оларды аш қарынға жемеген абзал.

Құрамында глюкоза бар басқа тағамдар сияқты, банандар қандағы қант деңгейін тез көтереді де көп ұзамай ол қайтадан құлайды. Ал бұл процес ашқарақтық сезімін тудырады. Сондықтан таңғы асқа банан жегеннен кейін бір-екі сағатта кейін аштықты сезінесіз. Калориялы, бірақ пайдалы емес нәрсені қайта жеу қаупі туындайды.

Апельсин шырыны
Витаминге бай шырын немесе тіпті жемістің өзі қоректік заттардың тамаша көзі болып табылады. Бірақ аш қарынға емес. Цитрус жемістеріндегі қышқыл жағымсыз күйдіргішті тудыруы мүмкін. Айтпақшы, бұл лимон шырыны бар суға қатысты емес, ол өте сұйылтылған болғандықтан, ағзаға ешқандай қауіп төндірмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!