“Бүкіл Қазақстан күткен“. Танымал әзілкеш Елдос Колобок жұрттан сүйінші сұрады

"Елдос Колобок" лақапатымен танымал әзілкеш Елдос Қадырханов жұрттан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аллаға шүкір. Сүйінші. Қош келдің, ұлым. Біз ата-ана болдық, ағайын", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

instagram.com/eldos_kalabok

Желі қолданушылары блогердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырып жатыр:

"Бауы берік болсын!", "Аллаға сансыз шүкір", "Тіл-көзден сақтасын!", "Құтты болсын", "Осы күнге де куә болдық, шүкір", "Бүкіл Қазақстан күткен нәресте", "Бауы берік болсын батырдың". 

Айта кетейік, бұған дейін ерлі-зайыпты тоғыз жыл күткен ерекше жаңалығын жариялап, сәбилі болатынын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз