17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы "қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн" дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген делінеді. Бұл Рамазан айының аяғында, яғни соңғы түндерінің бірінде болған.
Оразада мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" де айтылған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды делінеді.
Қадір түнінде адам теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстағаны дұрыс. Осы түні жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, көп дұға еткен жөн.
Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - Қадір түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.
Бұған дейін Нұрлан имам бұл түні Қыдыр атаны күтудің қажеті жоқ екенін айтты.
"Кейбіреулер терезені ашып қояды, шекер қояды, дастархан жаяды. Ешкім келмейді, ешкімді күтпеу керек. Кім де кім күтсе, көзіне елестеп, адасып кету қаупі бар. Бұл біреуді күтіп, есеп айырысатын күн емес. Бұл - тек құлшылық түні", - деп ескертті имам.
Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.
"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".
"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"
ҚМДБ мәліметінше, 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.
Тағы да оқи отырыңыз:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!