17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қадір түні қандай түн?
Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы "қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн" дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген делінеді. Бұл Рамазан айының аяғында, яғни соңғы түндерінің бірінде болған.
Оразада мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" де айтылған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды делінеді.
Қадір түнінде не істеу керек?
Қадір түнінде адам теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстағаны дұрыс. Осы түні жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, көп дұға еткен жөн.
Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - Қадір түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.
Қадір түнінде не істемеу керек?
- Зиян нәрселерден аулақ болған жөн.
- Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге, мысалы ішімдік ішуге болмайды.
- Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.
- Түнде құлшылық еткен жөн.
- Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.
- Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізбеген дұрыс.
Қыдыр ата келе ме?
Бұған дейін Нұрлан имам бұл түні Қыдыр атаны күтудің қажеті жоқ екенін айтты.
"Кейбіреулер терезені ашып қояды, шекер қояды, дастархан жаяды. Ешкім келмейді, ешкімді күтпеу керек. Кім де кім күтсе, көзіне елестеп, адасып кету қаупі бар. Бұл біреуді күтіп, есеп айырысатын күн емес. Бұл - тек құлшылық түні", - деп ескертті имам.
Ораза туралы
Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.
Сәресіне арналған дұға
"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".
Ауызашар дұғасы
"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"
Ораза айт мерекесі қашан?
ҚМДБ мәліметінше, 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.
Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте
Ораза 2026: Астана қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Алматы қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Шымкент қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтөбе қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Атырау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Жезқазған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Көкшетау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қарағанды қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қонаев қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қостанай қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қызылорда қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Орал қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Өскемен қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Павлодар қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Петропавл қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Семей қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Талдықорған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Тараз қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Түркістан қаласына арналған кесте

Тағы да оқи отырыңыз:
- Ораза 2026: ауыз бекіту, ауызашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?
- Рамазан 2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауына бола ма?
- Рамазан 2026: тіс қанаса, ораза бұзыла ма?
- Рамазан 2026: алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова