- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Біртүрлі болдым“. Әнші...
“Біртүрлі болдым“. Әнші Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады
Қазақстандық әнші Бүркіт әйелі Аишаның анасына су жаңа көлік сыйлап, қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Мен әлі көп нәрсе үйренуім керек екен жұбайымнан. Былай айтқанда, бұл енді сахнада екеуміз жүрген соң, мен ойлаймын, бұл Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, "Бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы" деп. Не деген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. "Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің инициативасы" деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса "Да, мама, это мой тебе подарок!" деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рақмет, маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз! Сондықтан мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім", – деп жазды ол.
Айта кетейік, жақында Бүркіт Мақпал Жүнісоваға қатысты пікір білдірген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева