Аса көрнекті сазгер, күйші, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы Дариға Тілендікеліні Stan.kz-ке берген сұхбатында қазақ өнері тарихындағы қайталанбас тұлға Нұрғиса Тілендиевті еске алып, отбасылық өмірлері жайында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрғиса Тілендиев 42 жаста, ал жұбайы 19 жаста болғанда отау құрған.
"Біраз бар (жас айырмашылық - еск.). Жас айырмашылығына қараған жоқпыз. Алла тағала бұйыртып тұр, ештеңені қаратпады. Нұр ағаның сол кездегі жасы қызық, мен таңғаламын. Сол кісі қатарлас адам ұшып жүрмейді, Нұр ағаның энергиясы көп, бір орында тұра алмайтын", - деді күйшінің жұбайы.
Дариға Тілендікеліні өздерінен тараған ұрпақ турасында да сөз қозғады.
"Даниярды асырап алдық. Даниярды Нұрағаның туысқанынан (асырап алдық - еск.), күйеуімен ажырасып кетті дағы, үш айлығында қолыма мен алдым. Мен емізіп едім, сүт шығып кетті. Мейірленгенім сондай, жақсы көргенім сондай - сүт шығып кетті. Ұлым Даниярым 9 жасында Динара дүниеге келді. 85 жылы дүниеге келді. Балам 76 жылғы болды. 25 жасында, Нұрағаң қайтыс болғаннан кейін 2 жылдан кейін баламнан айрылып қалдым. 2002 жылы баламның жүрегі тоқтап қалды. Ұлдан айырылып қалдым. 12-мектепте әйбат-ақ оқыды. Өте тамаша бала еді. Орта бұзды ма, не болғанын өзім де білмей қалдым. Әп-әдемі бала, балам маған ұқсайтын. Солай болды. Сәбиді ұзақ күттік, ем де алып, емделіп жүрдік. Ең алғаш 39 жасымда ана атандым. (Даниярды, асырап алған баласын - еск.) баланы өсіріп, Динараны өзім тудым", - деді Тілендиевтің жұбайы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!