- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бірінші әйелінен бір...
"Бірінші әйелінен бір ұлы болды". Толқын Забирова өзге ұлттың жігітімен қалай танысқанын айтты
Танымал әнші Толқын Забирова отбасылық өмірі, жұбайы туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, күйеуімен гастрольдік сапарда танысқан.
"23.45-те телефон шалды. Түнгі. Алдым. "Түннің ортасында кім хабарласып жатыр?" деп қорқып. Арғы жағында Сафардың дауысы шықты. Сафар Бабаев деп естіген кезде шалқамнан түсе жаздадым. "Сафар Бабаевтың өзі маған хабарласып тұр ма?" деп не отырарымды, не тұрарымды білмей, не істерімді білмей қалдым. Сөздің ашығын айту керек. Сафар ол уақытта Қазақ концерттің бастығы болып, қанша өнер адамдарымен жұмыс істеді. "Ертең таңғы сегізде біз ұшаққа баруымыз керек, Атырау жаққа гастрольмен, уақытың бар ма?" деп сұрады. Не айтарымды білмей, "әрине бар" (дедім - еск.). Біз "Тамашамен" бардық. Әртістер концерттен кейін ұшып кетуі керек еді. Бәрімізге бүтін билет болмай, мен қалдым және тағы бір билет жоқ болып тұр. Сафар "ешқандай жұмыстарым жоқ, администратор ретінде өзімнің мойныма алуым керек" деп, ол да қалды. Сөйтіп, біз қалдық. Алла тағала бізді әдейілеп асықпай әңгімелессін, таныссын деп отырғызып қойған шығар. Алматыға бес күн өткеннен кейін ғана келдік қой деймін, - деді әнші.
Сонымен қатар, Толқын Забирова туыстары жұбайының басқа ұлт өкілі болғанын қалай қабылдағанын айтты.
"Жоқ (туыстарым ұлты басқа демеді - еск.). Әжем бірден "ұлты қазақ болмағанымен, қазақтың өнеріне қаншама үлес қосып отыр" деді. Ол (жұбайы - еск.) әке-шешесінен ерте айырылды. Балалар үйінде тәрбиеленіп өскен", - деді өнер иесі.
Әнші жұбайының бірінші отбасы болғанын да жеткізді.
"Көп жыладым (ұзақ уақыт сәби сүймегеніне - еск.). Сафардың бірінші әйелінен бір ұлы бар. Ол кезде ол бала он үште. Жылаған сайын "енді сен мені қалдырып кететін шығарсың, мен саған бала тумадым" дедім. Сафар күліп, "жындысың ба, не әңгіме, мен жақсы көремін ғой" деді. ...Рустам үш жаста болғанда, олар ажырасқан. Бірақ ол еш уақытта баласын қалдырған емес", - деп әңгімеледі әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова