Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"10 сәуірде түнде Өскемен, Семей, Риддер, Тараз қалаларында, күндіз Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget