Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"21 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 20 қаңтарда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget