Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 қарашада Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз