Бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"24 қазанда Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!