“Бірнеше адаммен келіп ұрды“. Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады

“Бірнеше адаммен келіп ұрды“. Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады
Фото: Коллаж

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтан соққы жегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал блогер Жан Ахмадиев өз парақшасында жариялады. Оның айтуынша, даудың басы әннен басталған.

Мәселені бейбіт жолмен талқылау үшін Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев Ғалымжанға күш қолданғаны айтылады.

"Ол кісі хабарласып, неге әнді менің рұқсатымсыз орындағансыңдар деді. Сендерді сотқа бердім деді. Бардым, мән-жайды түсіндірдім, ол кісі түсініп, келісті. Ертесіне бірнеше адаммен келіп, қайтадан бастады. Әңгімеміз жараспай бара жатқанда кетіп қалдым. Артымнан келіп, өзі ұра бастады", - деді Ғалымжан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)

Салдарынан Ғалымжанның мұрны мен қолы сынған. Қазір "Нұр-Мұқасан" тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, күш қолданған әртісті жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget