Актер, пародист Ерболат Төлеген "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сырт келбетіндегі өзгеріс туралы айтып, артық салмақтан қалай арылғанын әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, өзін ауырып жүр деп ойлағандар да болыпты. Алайда актер тек диета ұстағанын жеткізді.
"Біреулер "ауру" деді. "Рак емессің бе?" деді. Керісінше бүткіл ауыратын жер, аяқ ауыратын жер, желке ауыратын жер жоқ болып кетті. Бұрын ұйқыдан тұрып, таңғы асты ішіп, қайта ұйқым келетін. Біреулер "қатты арықтап кеттің" дейді. Арықтағаным 20-ақ килограмм. 2010 жылдары 110, 115, 118-дей болғанмын. Одан бері қарай арықтап келе жатырмын. Соңғы екі жылдың ішінде 20 килограм арықтадым. Біреулер "асқазаныңды алып тастадың ба?" дейді. Маған асқазанды алдырып керегі не? Диета ұстадым", - дейді актер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!