Біреу қайтыс болғанда “иманды болсын“ деп көңіл айту дұрыс па?

Біреу қайтыс болғанда “иманды болсын“ деп көңіл айту дұрыс па?
Фото: depositphotos.com

Жақынынан айырылған адамға "иманды болсын" деп көңіл айтуға бола ма? Бұл сұраққа қоғам белсендісі Тоғайбай Нұрмұратұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғам белсендісі Facebook-парақшасында жаназада көңіл айту тіркестерінің қате тұстарын көрсетті. Оның айтуынша, "иманды болсын", "иманы саламат болсын" - деген бос сөз.

"Соңғы 30 жылдың көлемінде қайтыс болған жанға - қазақы көңіл айтуды ұмытып, тотықұсқа ұқсап, өздері де не айтып жүргенін түсінбейтін "Иман" деген паразит сөз пайда болды", - деді ол.

Ол көңiл айтқанда қолданылатын тіркестерді тізді. Мәселен:

  • "Қазаның арты қайырлы болсын". Бұл - артында қалған бала-шағасы, ағайын-туыстары, жақындары аман болсын дегендi бiлдiредi.

Қатты қайғырып, есiнен танып жатқандарға басу айтатын кезде қолданылатын тіркестер:

  • "Амал не, тас түскен жеріне ауыр. Тірі жан тіршілігін қылады, өлген артынан өлмек жоқ. Бекем бол. Денсаулығыңды ойла, артында қалған бала-шағаға бас-көз бол".

Марқұмды жерлегеннен кейін айтылатын тіркес:

  • "Топырағы торқа болсын. Жатқан жері жайлы болсын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін. Аруағы риза болсын"

"Иманды болсын" - мүлдем қайғысына ортақтасып, көңіл айтқанды білдірмейді", - деп түсіндірді Тоғайбай Нұрмұратұлы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә