Әлеуметтік желіде табиғатта ерекше бір саңырауқұлақтың бар екені туралы ақпарат тарады. Оны бір жеген адам өмір бойы тоқ жүреді дейді. Snopes фактчекерлері деректі тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды.
Фактчекерлер саңырауқұлақтарды зерттейтін екі микологтан сұрады. Мамандар саңырауқұлаққа қатысты ақпараттың техникалық түрде шын екенін айтады. Дегенмен ақпараттағы кейбір сөз бұрмаланған. Сан-Франциско микологиялық қоғамының президенті Натали Вреннің айтуынша, саңырауқұлақтың белгілі бір түрі улы болса, адамның өмірінің соңында жеген соңғы тамағы болуы мүмкін. Сәйкесінше тойып та қалады. Себебі адам жай ғана өліп кетуім мүмкін.
Қорытындылай келе, фактчекерлер мәлімдемені "жалған" деп атады. Табиғатта адамды өмір бойына тойдыратын, улы емес саңырауқұлақ жоқ.
Солтүстік Америка микологиялық қауымдастығының бірінші вице-президенті Дэйв Лэйтон көпшілік арасында тараған фотоны тексеріп көрді. Оның айтуынша, бұл саңырауқұлақтар латынша Rhodotus palmatus деп аталады. 2022 жылғы зерттеулер бойынша, оларулы емес, бірақ оның ащы болған соң, жеуге жарамсыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!