Бір жылда Қазақстан халқының саны қалай өсті?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жеткен. Жыл басында елде 20 283 399 адам тұрған. 2025 жылдың басынан бергі өсім 195 480 адамнан асты.

Халық саны ең көп өңірлер

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер:

  • Алматы - 2 345 012 адам;
  • Түркістан облысы - 2 148 168 адам;
  • Астана - 1 630 640 адам;
  • Алматы облысы - 1 592 652 адам.

Халқы бір миллионнан асатын өңірлер:

  • Шымкент - 1 291 011 адам;
  • Жамбыл облысы - 1 215 892 адам;
  • Қарағанды облысы - 1 131 438 адам.

Халық саны ең аз өңірлер

  • Ұлытау облысы - 219 200 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 514 732 адам;
  • Абай облысы - 596 000 адам.

Айта кетейік, халықтың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны - 13 013 064 адам, ал ауылды жерлерде 7 465 815 адам тұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!