Алкогольден бас тарту ағзада көптеген жағымды өзгерістердің болуына әкеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Sun-ға сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, алкоголь ішкеннен кейінгі ағзада пайда болатын уыттар толықтай екі-үш күн өткеннен соң ғана шығады. Десе де, бұл кезде дофамин деңгейі төмен болады, соның салдарынан адам әдеттегіден ашуланшақ болып жүреді. Алкогольден бас тартқанына бес күн өткен соң нәжісі қалыпқа келе бастайды, ал жеті күннен соң жақсы көңіл күй оралады. Екі аптадан соң терінің су тепе-теңдігі қалыпқа келіп, ол тері сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Бір ай алкоголь ішпеу диабеттің және бауыр циррозының даму қаупінің азаюына әкеледі. Сондай-ақ қанда қант пен холестерин деңгейі қалыпқа келе бастағандықтан, ол дұрыс арықтауға ықпал етеді. Сонымен бірге когнитивті қызметтер де жақсарады: адам анық ойлай бастайды және жаңа ақпаратты меңгеруі бірнеше есеге артады.
Ал бір жыл алкоголь ішпесе, абстиненция белгілері кетеді және ұйқы сапасы жақсарады. Сондай-ақ тері, шаш және тіс жағдайы бұрынғыдан сау бола түседі және энергия деңгейі айтарлықтай артады.