Алматыда танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы із-түссіз жоғалып кетті. Оның әйелі күмән-күдігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бармысың, бауырым?" радиохабарына берген сұхбатында Ұлжан Шәріпбекова күйеуі Баир Сиқымбаевқа іздеу салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жолдасым осыдан 9 күн бұрын үйден шығып кеткен болатын. Баир Сиқымбаев. Содан бері телефоны өшірулі. 24 наурызда сағат 13:00 шамасында үйден шығып кеткен. Полиция қызметкерлеріне - барлығына хабар берілді. Әдетте бір-екі күннен кейін өзі хабарласатын. "Ұлжан, осындамын, уайымдама" дейтін. Қазір 9 күннен асты. Не хабар, не хат жоқ. Полиция қызметкерлері де білмейді", - деді әйелі.
Оның айтуынша, жоғалған азаматтың телефоны соңғы рет Орбита шағынауданында өшкен.
"Баир 1989 жылы туған. Қазір ол жұмыссыз. Анасы тірі кезінде Қыздар педагогикалық университетінде сол кісімен бірге жұмыс істеді. Анасы - Гүлнәр Сиқымбаева, танымал әнші. Әуежайда инспектор болып және қалалық 2-емханада жұмыс істеді. Соңғы рет сол жерде жұмыс істеп, сол жерден шыққан болатын. ...Соңғы кезде ата-анасынан қалған үйді сатып, басқа жаққа көшкім келеді деп айтатын. Адам болған соң неше түрлі ой келеді. Үйге қатысты болуы мүмкін бе деп те ойлаймын. Қазіргі заманда алаяқтар көп. Болмаса бір жерде біреу ұстап, қинап отыр ма, не ойларымды білмеймін", - деді ол.
Ұлжан Шәріпбекова күйеуін көрген-білген жандардан хабарласуды сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мән-жайы
Бұған дейін әншінің ұлы жоғалғаны туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Әйгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті. Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты", - деді Жазира Бегалы.
facebook.com/zazira.begaly/
Желіде жарияланған ақпаратта әншінің ұлы 24 наурызда Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйінен шығып кеткені, содан бері хабарсыз екені көрсетілген.
Полиция не дейді?
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл жайтты растады.
"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады. Қазір осы адамды табуға бағытталған іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова