- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бір-бірін сөзсіз сүйетіндері...
"Бір-бірін сөзсіз сүйетіндері көрініп тұр". Ауылдағы әдемі жұп көпшілікті тәнті етті
Фотограф Ернар Алмабек Алматы облысына кезекті сапарында ауылдағы әдемі жұпты кезіктіріп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауылдың баласы Нұрсұлтан алғаш жарын көргенде, бәрін шындықтан бастауды жөн көріпті. Осылайша, олар 2 жылдан кейін шаңырақ көтерген.
"Алғаш таныстық. Тасқын деген дос баламның Mercedes-і бар еді. Сомен бардым. Екі-ақ әңгіме айттым. "Бірінші, машина менікі емес, екіншіден, ауылға тұрасың ба?" деп. Әйелім "ауылдың өмірі қызық, бұйырғанын көреміз" деді. Сомен 2 жылдан кейін ауылға тартып кеттік. Әйелім ауылдан біраз нәрсе үйренді. Бірақ ол маған суши жеуді үйретті. Алматыға суши жеу үшін демалып барып тұрамыз", - дейді Нұрсұлтан.
Қаланың қызы ауылға келгенде бәрін қызығушылықпен үйренгенін айтады.
"Сол кезде басым жасамай қалғаны-ай деп отырмын... Қаланың өмірін 22 жасыма дейін көргеннен кейін ауылдың өміріне үйренісуге тырыстым. Аттракционға бірінше мінгенде, барлығы қызық болады ғой, солай қызығып үйреніп кеттім", - дейді Еңлік күліп.
Видеодан алынған кадр
"Тіл-көзім тасқа! Жайлауда малын бағып, тіршілігін дөңгелетіп отырған Нұрсұлтан мен Еңлікке қарап, бір шеті риза болып, бір шеті сүйсініп қайттым. Жастарға бақыт тілеп қойыңыздар!" - деп жазған фотограф.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әдемі жұпқа тек бақыт тілеген.
"Мә, күшті қандай", "Келіншегі қандай сұлу", "Қандай қарапайым жарасымды жұп, бір-бірін сөзсіз сүйетіндері көрініп тұр", "Алла тіл көзден сақтасын. Сондай жарасымды жұп. Бақытты болсын! Үбірлі -шүбірлі болсын!", "Қандай керемет! Осындай ауылдық жерде тұру да керемет ғой. Табиғат қандай!" - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін фотограф суретке түсірген 18 жастағы студент сиыр бағып, айына 500 мың табатынын жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова